Қазақстан посткеңестік кеңістікте инвестиция тарту бойынша көшбасшы (ЮНКТАД)
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) 2022 жылғы Дүниежүзілік инвестиция есебін жариялады. Есепке сәйкес, соңғы 5 жылда Қазақстанға ТШИ таза ағыны рекордтық $6,1 млрд, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 83%-ға жоғары. Бұл посткеңестік кеңістіктегі елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Посткеңестік кеңістікте Қазақстан ТШИ таза ағыны бойынша бірінші орында. Одан кейінгі орындарда Өзбекстан – $2,5 млрд, Литва – $2,2 млрд доллар, Грузия – $2 млрд, Беларусь – $1,6 млрд, Латвия – $1,5 млрд, Эстония – $1,2 млрд, Армения – $998 млн, Түркіменстан – $936 млн, Украина – $848 млн, Молдова – $587 млн, Қырғызстан – $291 млн, Тәжікстан $174 млн. Рейтингтің аутсайдерлері Әзербайжан мен Ресей болды, олар сәйкесінше -$4,5 млрд және -$18,7 млрд теріс нәтиже көрсетті.
Орталық Азияға таза ТШИ ағыны 39%-ға өсіп, $10 млрд құрады, оның 61%-ы Қазақстанға келгенін атап өту маңызды.
Сондай-ақ теңізге шыға алмайтын дамушы 32 елде таза ТШИ-нің 6%-ға артуы байқалады, оның ішінде Қазақстан да көшбасшы ($6,1 млрд). Одан кейін Эфиопия ($3,7 млрд), Өзбекстан ($2,5 млрд) және Моңғолия ($2,5 млрд) тұр.
Сонымен қатар, Қазақстан 2015-2022 жылдар аралығында жаңартылатын энергия жобаларына таза инвестиция тарту бойынша $56,3 млрд көрсеткішімен әлемнің дамып келе жатқан экономикалары арасында 5-ші орынға шықты.
Жалпы есептің нәтижелері көрсеткендей, 2021 жылы күшті өсімнен кейін жаһандық таза ТШИ ағыны 2022 жылы 12%-ға азайып, $1,3 трлн дейін төмендеді. Негізгі себептерге Украинадағы қақтығыс, азық-түлік пен энергия бағасының қымбаттығы, сондай-ақ әлем елдерінің мемлекеттік қарызының өсуі себеп.
Негізінен құлдырау дамыған елдерге әсер етті, онда таза ТШИ ағыны 37%-ға азайып, $378 млрд құрады. Сонымен қатар дамушы елдерге ағындар орта есеппен 4%-ға өсті.
Анықтама:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) сауда және инвестиция саласындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының негізгі органы болып табылады. 1964 жылы құрылған, штаб-пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан. БҰҰ жүйесінде UNCTAD сауда, қаржы, технология, инвестиция және тұрақты дамудың және соған байланысты мәселелері бойынша орталық рөлін атқарады. Ұйымның негізгі мақсаттары қазіргі халықаралық экономикалық қатынастардың қызмет етуінің ұсынымдарын, принциптерін, ұйымдастырушылық-құқықтық шарттары мен тетіктерін әзірлеу арқылы әлемдік экономиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады. Ұйым зерттеулер мен саясатты талдауды, үкіметаралық кездесулерді, техникалық ынтымақтастықты және азаматтық қоғаммен және бизнес секторымен өзара әрекеттесуді жүргізеді.
Есептің толық мәтінін мына сілтеме бойынша табуға болады: https://unctad.org/system/files/official-document/wir2023_en.pdf