БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстанда «жасыл» жобаларды субсидиялауда

БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстанда «жасыл» жобаларды субсидиялауда

Қазақстанда шағын және орта бизнес өкілдерде энергия үнемдеу технологияларын дамытуға және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша жобаларды іске асыруға қаражат алуға мүмкіндік бар. Елде қаржыландырудың тиісті бағдарламасын Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) қаржылық қолдауымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта БҰҰДБ Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-мен бірлесіп келесі бастамаларды жүзеге асырады: қалаларды төмен көміртекті дамыту және ЖЭК шағын жобаларын іске асыру.

Бірінші бастама аясында жылу және сумен жабдықтау, су бұру, қоғамдық және көп пәтерлі тұрғын үйлер, көше және ішкі жарықтандыру жүйелері және т. б. сияқты қала шаруашылығы салаларында энергия ресурстарын үнемдеуге алып келетің жобалары бар  бизнес өкілдерін қаржылық қолдау тетіктері қарастырылған. Қатысушыларға несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін 10%-ға төмендету, инвестициялық субсидия түрінде несие бойынша негізгі борышты 40%-ға дейін есептен шығару, сондай-ақ "Даму" КДҚ"АҚ арқылы ЕДБ-дан кредит алу үшін кепілдік беру арқылы қаржыландырудың жеңілдікті шарттары беріледі.

ЖЭК шағын жобаларын іске асыру жөніндегі бастамаға келетін болсақ, қаржылық қолдауды ШОБ өкілдері қызмет түрі бойынша және орналасқан жері бойынша шектеусіз ала алады. Бұл жобаға қатысушылар сондай-ақ төмендетілген банктік пайыздық мөлшерлемеге және инвестициялық субсидияларға 25% - ға дейін ала алады.

БҰҰДБ-да атап өткендей, іске асырылған жобалардың нәтижелері 1 теңге қаржылық қолдауға 6 теңге инвестиция тартатынын және коммуналдық шығындарды 30-40% үнемдейтіндігін көрсетті. Осылайша, бизнес экономикалық пайда алып, сонымен бірге парниктік газдардың шығарындыларын азайтады, осылайша қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосады.

Айта кету керек, БҰҰДБ қаржыландыру бағдарламасы туралы 28 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін өтетін онлайн семинар аясында егжей-тегжейлі баяндау жоспарлануда. 

Үш сағаттық бағдарлама барысында "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ өкілдерінің Қазақстандағы ЖЭК жобаларын мемлекеттік қолдау шаралары туралы, БҰҰДБ сарапшыларының энергия тиімділігін қолдаудың қаржылық құралдары туралы, қаржы сарапшыларының, сондай-ақ энергия үнемдеу жүйесін табысты енгізген бизнес қауымдастық өкілдерінің баяндамалары жоспарлануда.

Онлайн іс-шараға қатысу үшін AppStore немесе PlayMarket-тен "ZOOM" қосымшасын жүктеу және төменде көрсетілген сілтеме бойынша өту жеткілікті.

Конференцияға қатысуға сілтеме:

https://undp.zoom.us/j/94260242581pwd=dk1MZUJBaTFyV2VydGRwT2hSSEdOQT09

Пароль: 029062

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге