Медиа орталық

Үкіметте Түркістан облысындағы аумағы 500 га болатын жылыжай құрылысының жобасы таныстырылды

Үкіметте Түркістан облысындағы аумағы 500 га болатын жылыжай құрылысының жобасы таныстырылды

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің президенті Александр Рудаковпен кездесті. 

Кәсіпкер Түркістан облысындағы ауданы 500 га болатын жылыжай кешені құрылысының жобасын таныстырды. Инвестициялық жоба 8000-нан астам жұмыс орнын құруды көздейді. Жоспарланған іске асыру мерзімі – 5 жыл. 

Үкімет басшысы ТМД кеңістігі аясындағы жобаның бірегейлігін атап өтті. 

«Агроөнеркәсіптік кешен – ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс пен бағаның өсуін есепке алсақ, одан әрі даму әлеуеті зор маңызды сала. Осындай ірі жобаны жүзеге асыру біз үшін ерекше маңызға ие», — деді Әлихан Смайылов


Айта кетейік, «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингі 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Компания қызметінің негізгі түрі — өндірістік циклі жыл бойы жалғасатын жабық топырақта көкөніс өсіру. АӨХ құрамына Ресейдің бірнеше облысындағы жұмыс істеп тұрған жылыжай кешендері кіреді. 

«Оңтүстік Қазақстан – климаттық жағдайлары мен еңбек ресурстары бойынша таптырмас жер. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін біз Түркістан облысына кездейсоқ назар аударған жоқпыз. Мұнда ауа-райы қолайлы, соның арқасында қыс мезгілін пленкалы жылыжайларда өткізуге болады. Бұл 500 га жылыжай кластері болады, онда көкөністерді ғана емес, көк шөптерді, жидектерді де өсіретін боламыз», — деді А. Рудаков

Сондай-ақ агрохолдинг басшысы жоғары синергетикалық нәтиже үшін жергілікті фермерлерге агрономиялық қолдау көрсетуге, сондай-ақ тиісті кадрларды даярлау бойынша оқу орталығын құруға ниет білдірді. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инженерлік инфрақұрылымды жүргізу, инвестициялық субсидиялар және жобаны қаржыландыруға қатысты мәселелерді мұқият пысықтауға келісті.

Дереккөз: primeminister.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге