Түркістан облысы Созақ ауданында 50 Мвт күн электр станциясының құрылысы бойынша "ЮКСЕС" ЖШС (Risen Energy) жобасы 2020 жылдың басында Қытай Халық Республикасы компаниясының күшімен жүзеге асырылды. Шуақты күндер саны мен энергетикалық қажеттілікті ескере отырып, жоба жалпы облыс үшін өзекті болып табылады. Жоба аясында шамамен 40 млн, АҚШ доллары тартылды және 15-тен астам жұмыс орны құрылды. Жоба өңірде жаңартылатын энергия көздері саласын дамытуға үлкен үлес қосуда.