Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

«Шымкент» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау мақсатында 2011 жылы құрылды. Компания Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № 170 Қаулысына сәйкес 100% мемлекеттің қатысуымен құрылған.

«Шымкент» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы - оған берілген мемлекеттік активтерді(жер учаскелері, жер қойнауын пайдалану құқығы, жылжымалы және жылжымайтын мүлік нысандары) басқаратын коммерциялық ұйым. Оларды тиімді пайдалану нәтижесінде алынған табыс, коммерциялық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталуы тиіс.

«Шымкент» ӘКК» активтерінде 16 заңды тұлға бар, оның ішінде: Қоғамның 100% қатысуымен құрылған 8 компания, Қоғамның қатысуы 100%- дан аз -7 компания , сенімгерлік басқару құқығында -1 компания, аумағы 41,4 мың гектар болатын жер ресурстары бар. ӘКК қызметінің құрылымы жобаларды тиімді іске асыруды және инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге бағытталған.

«Шымкент» ӘКК» мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлкерлік арасындағы байланыс құруда маңызды рөл атқарады. 

Ұйым мынадай бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • Инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру. Корпорацияның базасында "Ontustik Invest" инвесторларға қызмет көрсету департаменті құрылды.
  • тұрғын үй құрылысын дамыту;
  • азық-түлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру;
  • екінші санатты энергия ресурстарын дамыту;
  • пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу;
  • ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған жобалар және т.б

«Шымкент» ӘКК »ҰК» АҚ 12 еншілес және тәуелді ұйымдардан тұрады, олардың бесеуіне «Шымкент» ӘКК 100% қатысады. 

Бұл компаниялар:

  • ЖШС «Транспортно-логистическая зона» Басқару компаниясы»
  • ТОО «Управляющая компания индустриальными зонами «Оңтүстік»
  • ОО «Оңтүстік азык-түлік компаниясы», а также на доверительном управлении
  • АҚ «Оңтүстік» арнайы экономикалық зонаны Басқару компаниясы.

Міндеті

«Шымкент» ӘКК- ның міндеті - мемлекет пен кәсіпкерліктің серіктестік қағидасы бойынша Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау.

Корпорация қызметінің негізгі принциптері:

  • Жеке сектормен серіктестік: Корпорация жеке сектормен қамтылған немесе жартылай қамтылмаған экономикалық секторларында жұмыс атқарады, бизнесті дамытуға ынталандырып, онымен бәсекеге түспей, керісінше оның өсуіне жағдай жасайды.
  • Белсенді инвестициялық басқару: Корпорация портфельдік инвесторлармен салыстырғанда белсенді қатысушының (қатысушыны) рөлін атқаруға талпынады, бұл кәсіпті дамытудың негізгі шешімдеріне бастама болады.
  • Активті шығындарды басқару: Корпорация өз қызметтерін орындау кезінде шығындарды барынша азайту саясатын жүргізеді.
  • Әлеуметтік жауапкершілік: Әлеуметтік жауапкершілік принципін іске асыру мақсатында, Корпорация дивидендтік саясат шеңберінде жалғыз акционердің шешімі бойынша таза кірістің бір бөлігін жергілікті бюджетке бағыттауды жоспарлайды.
  • Кәсіпкерлікті дамытуға қолдау мақсатында, басқа қатысушыларымен серіктестік: Корпорация қайталаманы болдырмау үшін қаржылық және қаржылық емес даму институттарымен, мемлекеттік қатысудағы компаниялармен, екінші деңгейдегі банктермен келісімге келе отыра біріге отырып жұмыс істейді.

Стратегия

Компания Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 2014-2023 жылдарға арналған «Шымкент» ӘКК- ның даму Стратегиясына» сәйкес әрекет етеді:

  • өңірдің артықшылық секторларын дамыту (өсу нүктелері);
  • инвестицияларды тарту және жаңа өндірістер құру;
  • салалық республикалық және аймақтық бағдарламаларды іске асыру;
  • активтер құнын өсіру.

Даму стратегиясы бизнестің негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық көрсеткіштерді анықтайтын негізгі құжаттардың бірі болып табылады.

Байланыс

Мекенжай:

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 32 А (Арғынбеков көшесінің қиылысы)

Байланыс:

+7(7253) 35 28 32

+7(7253) 35 28 33

+7(7253) 35 28 34

+7(7253) 35 28 35

E-mail:

info@spk-shymkent.kz

Жұмыс кестесі:

Дс-Жм: 09.00 cағ.- 19.00 сағ. 
Үзіліс: 13.00 cағ.– 15.00 cағ.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге