Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы №693 қаулысының негізінде "TURKISTAN" Арнайы экономикалық аймағы құрылды.
"TURKISTAN" АЭА ауданы 3014 га құрайды.
Оның ішінде:
297 га тарихи орталық
1350 га әкімшілік-іскерлік орталығы
365 га өнеркәсіптік аймақ
35 га "Brownfield" өнеркәсіптік аймағы»
967 га әуежай
"TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағының құрылу мақсаты:
- Түркістан қаласын жедел дамыту;
- Түркістан қаласының туристтік әлеуетін арттыру және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасуы және туристтердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристтік инфрақұрылымды дамыту;
-
туристтерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық база құру.
- Туристтерді орналастыру орындарын, санаториялық және сауықтыру нысандарын салу және пайдалануға беру;
- Инфрақұрылым нысандарын, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
- Ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
- Өндіріс және қайта өңдеу нысандарын салу және пайдалануға беру;
- Құрылыс материалдарының өндірісі;
- Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
-
Дайын металл бұйымдарының өндірісі.
Бүгінгі таңда "TURKISTAN" АЭА-да жалпы сомасы 182 млрд.теңгеге 27 жобаның құрылысы жүргізілуде.
АЭА қатысушыларына ұсынылатын жеңілдіктер:
"TURKISTAN" АЭА Басқарушы компаниясы қатысушыларға "бір терезе" қағидаты бойынша өтінім беруден бастап, пайдалануға берілгенге дейін барлық мәселелер бойынша көмек көрсетеді.
- "TURKISTAN" АЭА аумағындағы салықтық жеңілдіктер;
- корпоративтік табыс салығы (КТС);
- жер салығы;
- мүлік салығы;
-
қосылған құн салығы (ҚҚС)
- АЭА аумағына тауарларды әкелу кезінде кедендік баждардан босату;
- 25 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) жер учаскелерін беру.
Телефон call-centre: +7 700 555 11 00
E-mail: office@sez-turkistan.kz