Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес құрылды.
Шетелдік инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің міндеті мына мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге негізделеді:Кеңес Төрағасы - Қазақстан Республикасының Президенті.
Кеңестің тұрақты мүшелері: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрлерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысының Орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне жауапты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы.
Инвестициялық климатты жақсартуға байланысты жүйелі проблемаларды шешу үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі төрағалық ететін Инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) қызмет етеді. Кеңес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысымен құрылды.
Кеңес туралы ережеге сәйкес, оның негізгі міндеттері отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға және тиімді пайдалануға, сондай-ақ инвесторлардың Қазақстанда жұмыс істеуі барысында пайда болған проблемалық мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге негізделеді.
Кеңестің мәжілістері, қажет болған жағдайда, жылына кемінде екі рет, Кеңестің төрағасы белгілеген уақытта өткізіледі.
Кеңестің отырыстарына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ оның мүшелері болып табылмайтын отандық және шетелдік компаниялар өкілдері шақырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Жұмыс органының міндеті Кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуге, оның ішінде Кеңестің күн тәртібіне ұсыныстар дайындауға, қажетті құжаттар мен материалдарды әзірлеуге негізделеді.
Инвестициялық омбудсмен институты елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында 2014 жылы құрылды. Негізгі міндеті - инвестициялық қызметтің барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, және оларды соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіпте шешу үшін ұсынымдар беру.
Инвестициялық омбудсмен
Инвестициялық омбудсменнің функциялары
1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында инвестициялық омбудсмен:
2. Инвестициялық омбудсменнің ұсыныстары инвестициялық омбудсменмен кеңестер кезінде хаттар мен хаттамалар түрінде ресімделеді;
3. Инвестициялық омбудсмен мемлекеттік органдармен және ұйымдармен және сотта және сотқа дейінгі процедуралардан туындайтын инвесторлардың мәселелерін шешу үшін хаттамалық жиналыстармен консультациялар жүргізеді;
4. Инвесторларға қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілмейтін болса, Инвестициялық Омбудсмен Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
Инвестициялық омбудсменнің құқықтары мен міндеттері
1. Инвестициялық омбудсмен мынаған құқылы:Инвестициялық омбудсмен қызметін ұйымдастыру
Инвестициялық омбудсменнің қызметін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз етеді. Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.