Медиа орталық

Бас портал

Қазақстанда А-5 санаты бойынша инвесторларға виза берудің шарттары өзгерді

Қазақстанда А-5 санаты бойынша инвесторларға виза берудің шарттары өзгерді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті инвесторлық виза алуға өтініш беру мерзімін elicense.kz портал арқылы электрондық түрде құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартты. Бұл ретте өтініш берушілер үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы құжаттарды қағаз түрінде беру мүмкіндігі сақталған: қарау мерзімі 11 жұмыс күнге дейін. Бұдан басқа, енді инвесторлық визаны алуға өтінішті жеке тұлға да бере алады.

Инвесторлық визаларын Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері ала алады. Визаның бұл категориясында оның қолданылу мерзімі шеңберінде елде болу мерзімі бойынша шектеулер жоқ. Іскерлік визаның иесі Қазақстанда әрбір кіру кезінде 60 тәуліктен артық болмауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, А-5 санатындағы инвесторлық визаны алу рәсімі 3 мемлекеттік қызметті қамтиды: ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің инвесторлық визаны алуға қолдаухаты, ҚР Ішкі істер министрлігінде шақыруды ресімдеу және Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде инвесторлық визаны ұсыну.

«Коронавирустық инфекцияның таралу жағдайында, біз жаһандық экономика мен жалпы бизнеске теріс әсерін көріп, іскерлік белсенділіктің төмендеуін байқап отырмыз. Біз үшін бұл үй жұмысын жасау және процестерді оңтайландыру уақыты. Жақында инвестициялық келісім-шартты жасасу мемлекеттік қызметі онлайн форматына ауыстырылды, визалық-көші-қон қызметтерін жеңілдетіп, автоматтандырдық", - деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.

Карантиндік шектеулер кезеңінде 2020 жылғы 11 мамырдан бастап ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қабылданған ҚР Мемлекеттік шекарасынан өту тәртібі қолданылады. Оған сәйкес әрбір жеке жағдай үшін Қазақстанға келуіне ведомствоаралық комиссияның шешімімен рұқсат етіледі. Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік шараларды сақтай отырып кіре алады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге