Түркістанда құрылыс материалдары өндірісін кеңейтуге 890 млн теңгелік жоба іске асырылды
Түркістан қаласында «Ali Construction Group» ЖШС-нің инвестициялық жобасы аяқталып, ол «Түркістан» индустриалды аймағында жүзеге асырылды. Жоба аясында қуаттылығы сағатына 120 м³ болатын заманауи жабдық орнатылып, әкімшілік ғимарат салынды және кәсіпорын аумағы абаттандырылды. Жаңа өндірістік қуаттылық жылына 200 мың м³ тауарлық бетон, 60 мың жабын плитасы және 40 мың м³ газоблок шығаруға мүмкіндік береді. Бұл өңірдегі құрылыс ұйымдарын отандық өндірістің сапалы материалдарымен қамтамасыз етеді. Жобаның жалпы құны 890 млн теңгені құрады.
Жобаның іске асырылуы облыс әкімдігі, «KaAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және салалық мемлекеттік органдардың сүйемелдеуімен жүргізіліп, барлық кезеңдердің табысты аяқталуына ықпал етті.
Жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетінің өсуіне және құрылыс саласының дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар кәсіпорын 29 жаңа жұмыс орнын ашып, халықтың жұмыспен қамтылуына оң әсерін тигізуде және облыстағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға үлес қосуда.
Аталған жобаның іске асырылуы инвесторларды мемлекеттік қолдаудың тиімділігін дәлелдеп, өңірдің құрылыс секторының одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, Түркістан облысының экономикалық әлеуетін нығайтады.