+7 7172 620 620

Send request

Authorization

About us

Құдабеков Иса Мұсаұлы

Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасының басшысы

Құдабеков Иса Мұсаұлы 1982 жылы туған, жоғары білімі бар, 2004 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінэкономист-халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы Корнель университетін (АҚШ) мемлекеттік басқару мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласында «Мөлдір су» ЖШС жарнама бойынша менеджері болып бастаған;

2005- Астана қаласы, ҚР индустрия және сауда Министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту Департаменті маманының міндетін атқарушы;

2005-2006- Астана қаласы, ҚР индустрия және сауда Министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің жетекші маманы;

2006-2007- Астана қаласы, ҚР индустрия және сауда Министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің бас маманы;

2007-2008- Астана қаласы, ҚР индустрия және сауда Министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің бөлім бастығы;

2008-2009- Астана қаласы, ҚР индустрия және сауда Министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту Департаменті Басқармасының бастығы;

2009- Астана қаласы, ҚР индустрия және сауда Министрлігінің аумақтық индустриалдық саясат Департаменті Басқармасының бастығы;

2009-2010- Астана қаласы, ҚР Премьер-Министрдің кеңесінің индустриалдық инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы;

2010-2018- Астана қаласы, ҚР Премьер-Министрдің кеңесінің индустриалдық инновациялық даму бөлімінің бас консультанты;

2018-2019-Қостанай қаласы Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы;

2019 -Түркістан қаласы, Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы (қазіргі таңда, басқарма екіге бөлінуіне байланысты Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасы болып қайта аталды).


Return back
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen