Медиа орталық

Түрік инвесторлары Қазақстанда су тазартумен айналысады

Түрік инвесторлары Қазақстанда су тазартумен айналысады

«Kutlar Muhendislik» түрік компаниясы Түркістан облысында ауыз емес  және ауыз су тазартудың заманауи модульдік станцияларын өндіруді жоспарлап отыр.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік директоры Дәулеткожа Мамыровтың айтуынша, бүгінгі таңда ұлттық компанияның көмегімен инвесторлар қажетті жабдықтардың бір бөлігін алып, өз жұмыстарын бастады.

«Түрік серіктестеріміз металл кесетін негізгі жабдықты орнатудан және модульдік станцияларды құрастырудан бастады. Сонымен қатар, сүзгілер мен автоматтандырылған қондырғылардың бірнеше үлгілері әкелінді. Келесі жылдың соңына дейін компания жергілікті қамтуды біртіндеп ұлғайта отырып, Қазақстандағы ауыз суды тазартудың блокты-модульдік станцияларын өндірудің толық желісін құруды жоспарлап отыр», - деп толықтырды Дәулеткожа Мамыров.

Өндірісті жүз пайыз іске қосқаннан кейін жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен $1,5 млн. құрайды. Зауытта өндірілетін жүйелер соңғы технологиямен жабдықталған және тазарту құрылыстарының дәстүрлі түрлерінен бірқатар артықшылықтарға ие.

«Мысалы, модульдік су тазарту станциялары, классикалық тазарту қондырғыларынан айырмашылығы, орнату үшін шамамен 20 пайызға аз орын қажет. Қоспаларды алып тастау және суды тазарту процедурасы толығымен автоматтандырылған, дәстүрліге қарағанда өзіндік құны мен бағасы төмен. Ең бастысы, пайдалануға беру қысқа мерзімде жүзеге асырылады», - деді «Kutlar Muhendislik» компаниясының құрылтайшысы Кенан Кутлар.

Мамандардың айтуынша, бұл жүйе лайлылықты, бөтен иісті, дәмді, салмақты заттарды толығымен жояды, темір, марганец және басқа да бөгде элементтерден тазартады. Судың сапасын бақылауды арнайы аспаптар жүргізеді. Су кірген және шыққан жерден тексеріледі. Тәулігіне қондырғы 100 мың адамға дейін тұтынған кезде 20 мың текше метрге дейін суды тазарта алады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге