Медиа орталық

Ресейлік инвестор Қазақстанда кезекті ЖЭК жобасын іске асырды

Ресейлік инвестор Қазақстанда кезекті ЖЭК жобасын іске асырды

Түркістан облысының Кентау қаласында белгіленген қуаты 50 МВт «Кентау» күн электр станциясының құрылысы аяқталды. Жобаны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Хевел» компаниялар тобының ресейлік инвесторлары іске асырды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылдың сәуір айында басталды, 2021 жылдың ақпан айында станция пайдалануға берілді.

«Кентау» күн электр станциясында HJT технологиясы бойынша өндірілген 127 мыңнан астам жоғары тиімді екі жақты гетероқұрылымды күн модульдері орнатылған.

Артқы жағын пайдалану есебінен екі жақты модульдер маусымдылық пен ауа райы жағдайларына байланысты 23-24% деңгейінде қосымша электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді. Күн панельдері жұмысының тиімділігі күн қозғалысын бақылаудың трекерлік жүйелерін күшейтеді, бұл ФЭМ-дерді орналастырудың статикалық әдісімен салыстырғанда электр энергиясын өндіруді орта есеппен 20-25%-ға арттыруға қосымша мүмкіндік береді

Көрсетілген жоғары тиімді гетероқұрылымды екі жақты күн модульдері және трекерлік бақылау жүйелері «Хевел» КТ салынып жатқан барлық күн станцияларымен жабдықталған.

Инвестор атап өткендей, «Кентау» КЭС электр энергиясының жылдық болжамды өндірісі жылына 104 млн кВт*сағ құрайды. Бұл атмосфераға CO2 шығарындыларының шамамен 52 мың тоннасына азайтуға мүмкіндік береді.

СЭС құрылысына 150-ден астам адам тартылды, сондай-ақ қосымша 10 тұрақты жұмыс орны құрылды. Құрылыс жұмыстарына тек жергілікті мердігерлік ұйымдар ғана тартылды.

Айта кету керек, «Хевел» компаниялар тобы Қазақстан Республикасының аумағында «жасыл технологиялар» саласындағы ірі инвестор болып табылады. Компания өз инвестициялары есебінен «толық аяқталған» күн электр станцияларының халықаралық жобаларын іске асырады.

Қазақстан Республикасындағы «Хевел» КТ активтерінің инвестициялық портфелі жиынтық қуаттылығы 288 МВт және жылдық жоспарланған өндірісі 500 млн. кВт*сағ күн электр станцияларының 10 жобасымен ұсынылған. 

Тағы екі күн станциясы аяқталу сатысында тұр: 50 МВт "Шоқтас" СЭС және 10 МВт "Күшата" СЭС.

2020 жылғы мамырда ҚР Президентінің қатысуымен осы компанияның ТМД елдеріндегі ең ірі 100 МВт күн станциясы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта жалпы қуаттылығы 148 МВт болатын КЭС-тің тағы 7 жобасы іске асырылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Хевел» КТ Түркістан және Қызылорда облыстарында әрқайсысының қуаты 20 МВт болатын тағы 2 жаңа күн паркін іске асыруға кіріседі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге