Медиа орталық

Түркістан облысында жаңа құрылыс материалдары зауытының іргетасы қаланды

Түркістан облысында жаңа құрылыс материалдары зауытының іргетасы қаланды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында автоклавты қатыру газоблоктарын өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталды. Жобаны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «RZN» ЖШС компаниясының қазақстандық инвесторы жүзеге асырады.

Қазығын қағу салтанатты рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік директоры Ерсұлтан Жаңабаев, Түркістан облысының индустриялық аймақтарын басқарушы компанияның директоры Талғат Қыдырбаев және т. б. қатысты.

Жобаны 2022 жылға дейін 2 кезеңде іске асыру жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі 1,5 млрд теңге болатын бірінші тарауды іске қосу 2021 жылдың бірінші жартысына жоспарланған. Алғашқы кезеңде өндіріс қуаттылығы шамамен 73 мың м3 өнімді құрайды. 55 жұмыс орны құрылады.

«Аталған өнімге қажеттіліктің орташа жылдық көлемі 5 жылға ҚР бойынша 3,6 млн м3 құрайды. Түркістан облысындағы құрылыстың өсуін және осыған байланысты заманауи сапалы газ блоктарының жетіспеушілігін ескере отырып, «RZN» ЖШС компаниясының жобасы өңірдің құрылыс саласын дамытуға серпін береді. Аталған кәсіпорын МАЭС қалдықтарын шикізат ретінде пайдалана отырып, автоклавты, силикатты кеуек газбетон өндірумен айналысады, бұл да үлкен артықшылық болып табылады», - деп атап өтті Ерсұлтан Жаңабаев.

Екінші кезеңде инвесторлар шамамен 6,5 млрд теңге салуды және штат санын 180 адамға дейін ұлғайта отырып, өндірісті жылына 150 мың м3 дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Толық жобалық қуаттылыққа шығу 2029 жылға жоспарланған.

Жоба «Бадам» индустриялық аймағының аумағында жүзеге асырылуда, бұл инвесторға бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар, сондай-ақ қажетті инвестициялық алаң мен инфрақұрылымды алуға мүмкіндік береді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге